Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында бұрынғы әкім "Құрметті азамат" атағынан айырылды

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Абай облысы прокуратурасының наразылығымен ауданның бұрынғы әкімі "Құрметті азаматтар" тізімінен шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Абай облысы прокуратурасы Бесқарағай аудандық мәслихатының бұрынғы аудан әкімі Нұрлан Сыдықовқа «Ауданның Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімінің заңдылығын тексерді. 

Қолданыстағы Қағидаларға сәйкес «Абай облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағы мінсіз еңбегі мен қоғам тарапынан мойындалған елеулі қоғамдық пайдалы нәтижелері бар жетістіктері үшін азаматтарға беріледі. Нұрлан Сыдықов Жарма ауданының әкімі қызметін атқара отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған және Жарма аудандық сотының үкімімен сотталған. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы болған тұлғаға мұндай атақ беруге жол берілмейді. Абай облысы прокуратурасының наразылығы бойынша, аудандық мәслихаттың шешімімен экс-әкім «Ауданның Құрметті азаматы» атағына ие болған адамдар тізімінен шығарылды, - деп хабарлады Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында прокуратура ғимаратының терезесіндегі бөтелкелер қоғамда резонанс тудырған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы