Абай облысында бірнеше ауыл таратылуы мүмкін

31 Шілде 2023, 04:25
4065
Бөлісу:
Абай облысында бірнеше ауыл таратылуы мүмкін
Фото: Артём Чурсинов

Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін. Құжат 10 тамызға дейін көпшілік талқылауында болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін; Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының құрамына енгізілсін, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігі мен маәслихаттың бірлескен шешімінде.

Өзгелердің жаңалығы