Абай облысында «Атамекен» ҰКП өкілдігі ашылды

26 Маусым 2022, 12:02
1781
Бөлісу:
Абай облысында «Атамекен» ҰКП өкілдігі ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Кикимов facebook-тегі парақшасына жазды.

Оның жазуынша,  облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар саны 43,3 мыңды құрайды.

Өңірде ірі бизнестің 21 субъекті жұмыс істейді, атап айтқанда өнеркәсіптегі алпауыт Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты және Бақыршық алтын өндіру кеніші бар. Сондай-ақ, мұнда машина жасау саласының ірі кәсіпорындары орналасқан: «СемА»" ЖШС (автобустар және арнайы техника), «DaewooBusKazakhstan» ЖШС (автобустар), «Семей машина жасау зауыты» АҚ (техника), «Қазэлектромаш» ЖШС (кабель-өткізгіш өнімдер) және т. б. Сонымен қатар, облыста жеңіл өнеркәсіп саласы жақсы дамыған, ал Алакөл көлінің Абай аумағындағы жағалауы бір маусымда миллионнан астам туристі қабылдай алады,-деп жазды ол.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өңірдегі бизнестің түйткілді мәселелерін баяндаған. Сонымен қатар кәсіпкерлерге Съезд өтетін кезеңге дейін Абай облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдігін басқаратын директор таныстырылды.

Өңірлік палата басшылығына меритократия қағидаты бойынша ШҚО кәсіпкерлер палатасы Семей қаласы филиалының экс-директоры Әлия Жүрсімбаева тағайындалды. Сондай-ақ, президиум төрағасы Райымбек Баталов өкілдік директорды Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа таныстырды, онда өңірдегі бизнесті дамыту мақсатындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқыладық,-деп жазды Кикимов.
 

Өзгелердің жаңалығы