ҚМА Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш жер анықталды.
Заңсыз қызмет нәтижесінде топырақ беті кең көлемде бүлініп, оның ішінде құнарлы қабаты сыпырылып алынған. Алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және автокөлік құралдары тәркіленді. Қазіргі уақытта барлық қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда. Тергеу жалғасуда, - деп хабарлады ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да заңсыз алтын өндірудің жолы кесіліп, 4 адам ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Жамбыл облысында алтын кенішіне заңсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамалды
ІІМ: 1400-ден астам адам заңсыз кен өндіруге байланысты жауапқа тартылды
1 млрд теңге: Құрамында алтыны бар құмды шетелге шығару әрекетінің жолы кесілді