Абай облысында 89 мың жұмыс орны ашылады

4 Мамыр 2023, 12:05
630
Бөлісу:
Абай облысында 89 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Артём Чурсинов

Облыс тұрғындарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мемлекеттік әлеуметтік қолдау шеңберінде, атап айтқанда, «Бірінші жұмыс орны», «Түлектерге арналған Жастар практикасы» жобалары арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов бұл шараларды іске асыру 2030 жылға қарай 4 нысаналы индикаторға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті: 

  1. еңбек қызметінен түсетін кірістердің ақшалай баламадағы үлесі 65,7%-дан 75%-ға дейін өседі;
  2. табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 6,7%-ға дейін төмендейді;
  3. жұмыссыздық деңгейі 5%-дан 4,6%-ға дейін төмендейді;
  4. 89 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Облысқа инвестиция тарту біздің жұмысымыздың негізгі бағыты болып табылады. Өткен жылы 2 жоба іске қосылды. Жалпы, 2028 жылға дейін инвестициялық жобалар пулы құрылды, оның шеңберінде 6,8 мың жұмыс орнын қамтитын 43 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде биыл 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 8 жоба жүзеге асырылуда, - деп қорытындылады Айдын Кәрімов.

Өзгелердің жаңалығы