Абай облысында 803 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алу конкурсы тоқтатылды

20 Мамыр 2024, 14:47
316
Бөлісу:
Абай облысында 803 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алу конкурсы тоқтатылды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Үржар ауданының прокуратурасы 800 млн теңгеден астам сомаға конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудан прокуратурасы Үржар, Мақаншы және Қабанбай ауылдарының көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 803 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алуды тиісті ведомстволық сараптамасыз өткізбекші болған («Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 21-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес).

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органымен заң талаптарына сәйкес конкурстық құжаттаманы өткізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы