Абай облысында 68303 әскери бөлімі 120 адамды қар құрсауынан құтқарды

18 Ақпан 2024, 21:48
450
Бөлісу:
Абай облысында 68303 әскери бөлімі 120 адамды қар құрсауынан құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

68303 әскери бөлімі авариялық-құтқару шұғыл жұмыстарын сәтті жүргізіп, 120 адамды қар құрсауынан эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, құтқарылғандардың алтауы бала.

Сондай-ақ Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына және Боғас учаскесіне дейінгі бағыттар бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын тазарту жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.

Бұл жұмыстарға барлығы 25 әскери қызметші мен 4 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы