Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында 522 жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгiн, 11:21
103
Бөлісу:
 freepik.com
Фото: freepik.com

Абай облысында өткен үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы құны шамамен 40 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба мақұлданды. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 522 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір экономикасын әртараптандыру, жаңа өндірістерді іске қосу және инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру негізгі басымдықтардың қатарында белгіленді.

Инвестиция тарту – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың басты құралдарының бірі. Осы бағытта инвесторларды жан-жақты қолдау, жобаларды жедел сүйемелдеу және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасын табады, – деп атап өтті облыс әкімдігінде.

Өзгелердің жаңалығы