Абай облысында 500 бала ашамайға отырып, рекордтар кітабына енді

20 Маусым 2024, 05:30
406
Бөлісу:
Абай облысында  500 бала ашамайға отырып, рекордтар кітабына енді
Фото: gov.kz

Абай облысында Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойында 500 бала бір мезетте ашамайға отырды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгінде ұмытыла бастаған дәстүрдің мақсаты – балалардың бойына ұлттық құндылықты дарыту, мықты, табанды болып өсуге баулу.

Рекорд орнатуға Абай ауданына қарасты 9 ауылдық округтен 4 -15 жас аралығындағы балалар қатысты.

Олар бұған 2 ай бойы дайындалған.

Нәтижесінде түркітілдес мемлекеттер арасында жаңа рекорд орнап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов 500 баланы ашамайға отырғызудан рекорд орнатқаны үшін сертификат табыстады.

Өзгелердің жаңалығы