Абай облысында 5 700 балаға арналған 11 мектеп салынады

27 Қаңтар 2023, 19:58
1228
Бөлісу:
Абай облысында 5 700 балаға арналған 11 мектеп салынады

Абай облысында 5 700 орындық 11 мектеп салынады. Бұл туралы өңірдің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Қуатжанұлы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында жуырда облысымыздың Семей қаласында 1800 орынға арналған 2 мектеп, Аягөз қаласында 600 орынға арналған 1 мектеп, Ақсуат пен Бесқарағай аудандарында 300 орындық білім беру орындарының құрылысы басталады. Сондай-ақ, Жарма ауданының Т.Хасенұлы атындағы орта мектепке жылу қазандығы салынады. Абай ауданындағы Кеңгірбай би ауылында балалар лагерінің құрылысы басталады. Осы жылға білім беру нысандарының 14 жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаржы бөлінді», - деді Айдын Қуатжанұлы.

Оның айтуынша, облыс аумағында тағы да 5 700 орынға шақталған 11 мектептің құрылысы жоспарланып отыр.

«Облысымызда 5700 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарда. Атап айтқанда, Семей қаласында – 3600 орындық 5 мектеп, Аягөз ауданында – 900 орындық 2 мектеп, Ақсуат ауданында – 2 мектеп. 600 орындық мектептер, Бесқарағай және Жарма аудандарында– 300 орындық 1 мектеп салынады», - деп бөлісті басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы