Абай облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 4 жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Оның екеуі Семей қаласында пайдалануға берілді. Шаһар іргесіндегі Шығыс кентінде салынған білім ордасында 1200 бала оқиды.
Айта кетейік, өңірде 10 280 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Оның жеті мыңнан астамы қазақ сыныбын, үш мыңдай бала орыс сыныбын таңдаған.
Бұл мектеп ата-аналардың сұрауы бойынша тасымалдау қиын болғандықтан ашылып отыр. 2025 жылға дейін мұндай мектептер әлі де ашылады. Мектеп қазіргі заманға сай жабдықталған, - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы Мәкия Әмірханова.
Оқи отырыңыз: