Абай облысында 179 түлек «Алтын белгіге» үміткер

1 Маусым 2023, 13:48
1361
Бөлісу:
Абай облысында 179 түлек «Алтын белгіге» үміткер
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биылғы оқу жылында Абай облысында мектепті 4 522 түлек бітіреді, 179 түлек «Алтын белгі» белгісіне, 441 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үміткер, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша 4 034 түлек өтеді, 3 181 қазақ тілінде, 953 оқушы орыс тілінде ҰБТ тапсырады. 

Облыс орталығы Семейде биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша 1937 түлек тәмамдады. 

Олардың ішінде 60 түлек «Алтын белгіге» үміткер болып табылса, 155 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үмітті. 

Барлық оқушылар мен педагогтарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз. Мектеп түлектеріне алдағы емтихандарына сәттілік пен үлкен өмірге аттаған қадамдарына ақ жол тілейміз, - делінген Абай облысы әкімдігінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы