Абай облысында 15 жасар қыз жоғалып кетті

4 Қараша 2023, 23:21
822
Бөлісу:
Абай облысында 15 жасар қыз жоғалып кетті
Фото: polisia.kz

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Валерия Ефанова 2 қараша сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, қазіргі уақытқа дейін оралмаған. Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар. 

Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығын дейін. Кәмелетке толмаған баланың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 телефон номерлеріне немесе 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы