Абай облысына "Қазавиақұтқару" тікұшағы көмекке барды

28 Наурыз 2024, 23:02
424
Бөлісу:
Абай облысына "Қазавиақұтқару"  тікұшағы көмекке барды
Фото: видеодан кадр

Су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында Ақсуат және Аягөз аудандарында "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағында аэровизуалды ұшу жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Абай облысы әкімінің орынбасары, Абай облысы ТЖД бастығы және аудан әкімі аудандардың аумақтарын, Боғас және Аягөз өзендерінің арнасын және Тарбағатай жотасының тау бөктерін зерттеді.

Ұшу барысында тауларда қар еру процесі жалғасып жатқаны, Боғаз, Аягөз өзендерінің тасуы, сондай-ақ автомобиль жолдары бойында еріген қар суының жиналуы байқалды.

"Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағымен Кіндікті ауылының тұрғындары үшін азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттар мен дәрі-дәрмектер жеткізілді. Кіндікті ауылынан Ақсуат ауылына 25 адам, оның ішінде 4 бала тасымалданды.

Өзгелердің жаңалығы