Абай облысы Жарма ауданында 3 ауланы су басты

26 Наурыз 2024, 23:32
308
Бөлісу:
Абай облысы Жарма ауданында 3 ауланы су басты
Фото: Арман Мухатов -архив

Абай облысы Жарма ауданының Подхозное кентінде даладан еріген қар суының ағып келуі нәтижесінде 3 аула учаскесі су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жергілікті атқару органдарының күшімен еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта су басқан тұрғын үйлер жоқ.

Жағдай нашарлаған кезде ТЖД мен ЖАО 49 адамы және 9 техникасы толық дайындыққа келтірілді.

Өзгелердің жаңалығы