Абай облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономия ауданы бауырлас өңірлер атанды

11 Қыркүйек 2022, 08:50
1357
Бөлісу:
Абай облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономия ауданы бауырлас өңірлер атанды

Абай облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы бауырлас өңірлер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, онлайн форматта өткен «Қытай-Еуразия» VII ЭКСПО көрмесі барысында екі өңірді бауырлас атандырған хаттамаға қол қойылды.

Жаңадан құрылған Абай облысы ҚХР-мен шекаралас жатыр. Біз Қытаймен аймақаралық қарым-қатынасты нығайтуға мүдделіміз. Ол үшін аймағымызда өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін барлық алғышарттар бар, - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

 Көрші тарап Қазақстанның Қытай мен Ресей арасындағы көпір екендігін атап өтті.

Аягөз-Тачэн бағыты бойынша теміржол құрылысы жобасының болашағы зор. Кейбір әкімшілік рәсімдерді жеңілдету үшін «Бақты» шекара бекетінде жеделдетілген тексеру режимі енгізілді. Жеке көліктердің қытай тілінде шекарадан өту алгоритмдері әзірленген, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы