Абай облысы мен Шығыс Қазақстан аумағында қатты аяз болады

20 Ақпан 2024, 03:18
565
Бөлісу:
Абай облысы мен Шығыс Қазақстан аумағында қатты аяз болады
Фото: BAQ.KZ архив

"Қазгидромет" РМК Абай облысы мен Шығыс Қазақстан аумағында қатты аяз күтілетінін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың болжамына сәйкес, бүгін түнде -45°C, ертең күндіз -40°C аяз күтіледі.

Мұндай ауа райына арктикалық антициклонның шығысқа қарай ығысуы себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ 20 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Семей қаласындағы 0-11 сынып оқушылары және колледж, жоғары оқу орнының студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы -40°C аязға байланысты Абай облысында жалпы ұзындығы 2174 шақырым болатын 7 автожол жабылғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы