Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

25 Шілде 2022, 19:40
1611
Бөлісу:
Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов әкімнің орынбасары болып тағайындалды.

Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеді.

2008-2011 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы