Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай мерейтойына орай Семейде этноауыл есігін айқара ашады

31 Шілде 2025, 21:09
463
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласының Бейбітшілік аралында "ЭТНОАУЫЛ" өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Этноауыл 1-10 тамыз аралығында келушілерге қызмет көрсетіп, ұлттық рух пен салт-дәстүрді сезінуге мүмкіндік береді. Он күн бойы қазақы үйлер тігіліп, мерекелік концерттер, ұлттық спорттық сайыстар, түрлі бағыттағы көрмелер мен тақырыптық безендірулер ұйымдастырылады.

Этноауылдың ресми ашылуы 1 тамыз күні сағат 11:00-де өтеді. 

Ұйымдастырушылар Ұлы Абайды ұлықтайтын осы мерейлі мерекеде этноауылға келіп, қазақтың бай мәдениеті мен дәстүріне қанығуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы