Астана, baq.kz. Алдағы уақытта Абай Құнанбайұлы және Лев Толстойдың мәдени мұрасы еуразиялық кеңістікте кеңінен насихаттала түседі. Бұл туралы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің сайтында жазылды.
Осы мақсатта Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Лев Толстойдың «Ясная-Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы арасында шығармашылық ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Қос тарап, осыған дейін де шығармашылық байланыста болып келген. Ал жаңа келісім, замана классиктерінің мұрасын дәріптеуде тың серпін береді дейді мұражай өкілдері. Меморандум негізінде, биыл Л. Н. Толстойдың «Ясная-Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы Семей жеріне үлкен көрмені ұйымдастыратын болады.
Бұған қоса 2020 жылы қос алыптың әдеби қазынасын сақтау мен насихаттауға арналған халықаралық ғылыми конференция өткізіледі деп көзделіп отыр