Абай қаласының жас дәрігерлері баспаналы болды

29 Тамыз 2019, 03:36
1467
Бөлісу:
Абай қаласының жас дәрігерлері баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Абай қаласының жас дәрігерлеріне ведомстволық пәтерлердің кілттерін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов табыс етті. Жиһаздармен және қажетті барлық тұрмыстық техникакен жабдықталған баспана 13 маманға берілді. 

Олардың барлығы Абай қаласының Орталық ауруханасында қызмет ететін болады. Қоныс тойын тойлаушылар арасында төрт жалпы тәжірибе дәрігері, екі педиатр, екі анестезиолог-реаниматолог, онколог, травматолог-ортопед, офтальмолог, нефролог және неонатолог бар. 

03555840015669912192808201919_800x600.jpeg

13 пәтердің жетеуі бір бөлмелі, төртеуі екі бөлмелі және екеуі үш бөлмелі. 

"Жас мамандарға шын мәнінде елеулі қолдау көрсететін Қарағанды облысының әкімдігіне алғыс айтқым келеді. Бұл тек тұрғын үй беру ғана емес, сонымен қатар көтерме ақы төлеу. Біздер, медиктер үшін, өзімізді толықтай жұмысқа бере алатындай жағдай жасалуы өте маңызды. Биыл міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қарсаңында бұл әсіресе маңызды. Біз өз желімізді, әсіресе ауылдық аудандарда кеңейтеміз. Сондықтан жергілікті жерлерде қолдау өте маңызды", - деп атап өтті Елжан Біртанов.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов атап өткендей, жас дәрігерлерге ведомстволық баспана беру арқылы өңірде кардрлық тапшылықты анағұрлым төмендетуге мүмкіндік туды. 

"Бүгінгі таңда Абайға 13 жас маман келді. Осының арқасында бұл қаладағы медициналық кадрлар тапшылығын толықтай жаба аламыз. Осы күнге дейін дәрігерлерге 100-ден астам пәтер кілттерін табыс еттік. Ал бүгін Абай қаласының жас дәрігерлерін қоныс тойымен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға осы жерде бақыттарыңызды табуға тілектеспін", - деді аймақ басшысы. 

Кілттерді табыс ету салтанатынан соң министр мен облыс әкімін жаңа үйіне хирург Әлижан Бекүлиевтің жанұясы қонаққа шақырды. Ол өткен жылы университетті тәмамдап, жұбайы және екі баласымен Абай қаласына көшіп, Орталық ауруханаға жұмысқа орналасуға бел буған. 

06813210015669918792808201919_800x600.jpeg

Министр мен облыс әкімі сонымен қатар Нұрбековтер отбасында қонақта болып қайтты. 

"Мен Қарағанды медицина университетін 2017 жылы бітірдім, бір жылдан бері Абай қаласының Орталық ауруханасында жұмыс істеймін. Бұрын біз отбасымызбен бірге – жұбайым және екі балам Абайда айына 30 мың теңгеге пәтер жалдап тұрғанбыз. Қазір бұл ақшаны ведомстволық пәтердің арқасында үнемдей аламыз. Ол өте жайлы, жиһазы, техника бар", - деді педиатр Жанна Нұрбекова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Саран мен Шахтинск қалаларында жас дәрігерлерге ведомстволық пәтерлердің кілттері табыс етілген болатын. Мұндай тәжірибе өңірге тек осы жылы ғана 458 медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін тартуға мүмкіндік берді, олардың 81-і ауылдық жерлерде «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Тұрғын үйге мұқтаж барлық жас мамандарды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау басқармасы алдағы үш жылда 281 пәтердің кілтін беруді жоспарлап отыр. Олардың 27-ін дәрігерлер осы жылдың соңына дейін алады.


Өзгелердің жаңалығы