Абай-175: Бакуде ашылған орталыққа 50-ден астам кітап тарту етілді

1 Ақпан 2020, 13:24
2185
Бөлісу:
Абай-175: Бакуде ашылған орталыққа 50-ден астам кітап тарту етілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баку қаласында Халықаралық Түркі академиясының және Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы елшілігінің қатысуымен Абай жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

5e32f1361d5a4.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен Баку мемлекеттік университетінде өтті.

Салтанатты жиынға Әзербайжан Республикасының білім министрі Жейхун Байрамов, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті  Гюнай Эфендиева, Түрксой ұйымы бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы, Әзербайжан Ғылым академиясының президенті Рамиз Мехдиев, Баку мемлекеттік университетінің ректоры Эльчин Бабаев, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмероғлу, Әзербайжан жазушылар одағының төрағасы Анар Рзаев, сонымен қатар Әзербайжандағы Қырғызстан, Түркия және Мажарстан Республикаларының дипломатиялық миссияларының басшылары, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия білім және министрліктерінің жауапты тұлғалары, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

5e32f13fa3534.jpg

Алқалы басқосуда Әзербайжан Ғылым академиясы Низами атындағы әдебиет институтының ғылыми қызметкері Туран Теймурдың "Мұхтар Әуезовтың "Абай" романынының көркемдік мәселелері" (Turan Teymur. Muxtar Auezovun «Abay» romanında sənətkarlıq məsələləri) атты монографиясының тұсаукесер рәсімі жасалды. Академия басып шығарған бұл басылым Мұхтар Әуезов шығармашылығына қатысты әзербайжан тіліндегі тұңғыш ғылыми еңбек болуымен ерекшеленеді, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында Халықаралық түркі академиясы жарыққа шығарған басылымдардан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, 50-ден астам кітап Бакуде жаңадан ашылған "Абай" орталығына тарту етілді.

5e33cddc830d9.jpg

Салтанатты басқосудың соңы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбайдың Абай жылының ашылуына арналған концерттік бағдарламасына жалғасты. 

Өзгелердің жаңалығы