Абат Айымбетов түркиялық «Адана Демирспор» клубының ойыншысы

2 Ақпан 2024, 02:20
509
Бөлісу:
Абат Айымбетов түркиялық «Адана Демирспор» клубының ойыншысы
Фото: https://www.sports.kz/

Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық «Адана Демирспор» клубының ойыншысы атанды. Бұл жайында команданың баспасөз қызметі жазды.

Келісім-шарт 1,5+1 жүйесі негізінде жасалған. Ол түркиялық командада сенегалдық шабуылшы Мбайе Ньянгудің орнын басады.

Абат Айымбетов 1995 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. 
Футболдағы алғашқы қадамын 2012 жылы «Ақтөбе» командасында бастады. Одан кейін алматылық «Қайрат», елордалық «Астана» клубтарында ойын көрсетті.

Ұлттық құрама сапында 2019 жылдан бері 35 ойында 9 гол соғып үлгерді. 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында ұлттық құрама сапында 9 ойында 3 голдың авторы атанды.

«Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетіп келеді. Түркия суперлигасының 23-турынан кейін команда 31 ұпаймен сегізінші орында келеді.

Өзгелердің жаңалығы