Абаев: Мәдениет саласындағы жаңа міндеттер анықталды

16 Ақпан 2022, 18:29
1362
Бөлісу:
Абаев: Мәдениет саласындағы жаңа міндеттер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады. Сондай-ақ ол ведомствоның биылғы алқа мәжілісінің қалай өткеніне тоқталды. 

Біз Министрліктің биылғы алқа мәжілісін мәдениет және архив ісі салалары бойынша, сондай-ақ, спорт және туризм салалары бойынша жеке-жеке өткізуді жөн көрдік. Бұл салалардың бәрінде де түйінді түйткілдер жетерлік. Сондықтан оларды бір іс-шара аясында қарастыру тиімді болмас еді, - деп жазды министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына. 

Ведомство басшысының айтуынша, мәдениет, архив ісі және кітап басып шығару салалары бойынша жаңа міндеттер анықталды. 

Бүгінгі алқа мәжілісі мәдениет, архив ісі және кітап басып шығару мәселелері бойынша өтті. 2021 жылы жасаған жұмыстарымыз туралы есеп беріп, 2022 жылға арналған жоспарымызды ортаға салдық. Өңірлердегі сала қызметкерлерінің баяндамасын тыңдадық. Жаңа міндеттерді айқындадық, - деді Дәурен Абаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр Қысқы Олимпиада ойындары аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін екендігін айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы