Абаев мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы өсетіні туралы айтты

24 Маусым 2022, 19:51
1215
Бөлісу:
Абаев мәдениет қызметкерлерінің   еңбекақысы өсетіні туралы айтты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі «ұлттық» статусына ие мәдениет саласындағы ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы 75 процентке өседі. 

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың министрлікке бағынысты мекемелердегі ұжымдармен кездесуі барысында белгілі болды. Тиісті жобаны ҚР МСМ әзірлеп, ҚР Үкіметі мақұлдады.

Қазір мәдениет саласында «ұлттық» статусына ие 5 ірі ұйым бар: Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Михаил Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театры, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы. Енді аталған ұйым қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысы 1.75 коэффициентімен есептеліп, жалақы өсетін болады. Мысалы, 7-10 жылдық еңбек өтілі бар артистер қазір 217 129 теңге алса, 1 шілдеден бастап олардың еңбекақысы 379 977 теңгені құрайды. 

Абаев мәдениет қызметкерлерінің   еңбекақысы өсетіні туралы айтты

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы мәдениет саласын дамытуға, атап айтқанда оның қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөледі. Бұл ретте министрлік тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Еңбекақыны көтеру – бұл маңызды бағыттардың бірі ғана. Сонымен қатар, біз бірқатар мәдениет нысандарын қайта жөндеу, материалдық-техникалық базаны жақсарту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелерін қарастырып жатырмыз, – деді Дәурен Абаев. 

Абаев мәдениет қызметкерлерінің   еңбекақысы өсетіні туралы айтты

Алматыға сапары аясында министр Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында да болды, одан бөлек сала сарапшыларымен бірқатар кездесу өткізді. 

Өзгелердің жаңалығы