Абаев Әшімовты 85 жасқа толуымен құттықтады

27 Мамыр 2022, 21:06
2600
Бөлісу:
Абаев Әшімовты 85 жасқа толуымен құттықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ.  Алашымыздың абыз ақсақалы, ұлттық өнеріміздің ұлағатты шырақшысы, қазақ руханиятының төлқұжатына айналған аңыз тұлға – Асанәлі Әшімұлын 85 жасқа толып отырған айтулы мерейтойымен құттықтадым.

 Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев facebook-тегі парақшасында жазды.

Абаев Әшімовты 85 жасқа толуымен құттықтады

Ардақты ағамыз жүректерден өшпестей орын алған дара болмысы арқылы қазақ киносы мен театрының тұтас дәуірін көз алдымызға әкеледі. Жұртшылық Асанәлі Әшімовті кино мен театрға бар саналы ғұмырын арнап, ұлт өнерін ұлықтауда аянбай тер төгіп келе жатқан қажырлы қайраткер ретінде құрмет тұтады. Бұл – кез келген өнер иесінің басына бұйыра бермейтін бақ,- деді ол.

Абаев Әшімовты 85 жасқа толуымен құттықтады

Министр атағандай, ағамыздың шығармашылық жолындағы азаматтық ұстанымы көпшілікке, әсіресе өскелең ұрпақ пен жас әріптестерге таптырмас темірқазық іспетті.

Абаев Әшімовты 85 жасқа толуымен құттықтады

Мерейтой иесі Асанәлі ағамызға зор денсаулық, толайым табыс, бақ-береке тілеймін! Алдағы уақытта да туған халқының сүйіспеншілігіне бөлене берсін. 
Алаштың аңыз да абыз қариясы болып төрімізде отыра берсін, ғасыр жасасын,- деді министр.

Өзгелердің жаңалығы