Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Тараздағы ЖД-158/1 мекемесінде орын алған, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
1988 жылы туылған азаматша К есімді азаматша тергеу изоляторындағы күйеуіне азық-түлік арасына жасырылған есірткі өнімін беріп жібермекші болған.Мекеменің қабылдау бөлмесінде орын алған оқиға барысында азаматшаның әкелген сәлем-сауқатының арасынан түйіршіктелген қара және жапырақты жасыл шайдың арасында жасырылған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
Жүргізілген сот-химиялық сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 3,25 граммды құрайтын "Гашиш" есірткісі екендігі анықталды. Аталған факт Тараз қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.