АӘК-ті алушылардың басым бөлігі кім екені анықталды

27 Мамыр 2022, 13:28
1182
Бөлісу:
АӘК-ті алушылардың басым бөлігі кім екені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АӘК алушылардың басым бөлігі балалар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлімдеді.

АӘК алушылар құрылымында басым көпшілігі балалар үлесіне тиесілі – 63,1% немесе 623,9 мың адам. 18,3% немесе 181,6 мың адам – жұмыс істейтін азаматтар, 10,2% немесе 101,4 мың адам – балаларды, қарт адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар, қалған 8,4% - ы азаматтардың басқа санаттарына тиесілі, - деді ол.

Асқар Ниязовтың айтуынша, биылғы 1 мамыр жағдайына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 571,1 мың адамның 63,6%-ы немесе 363,1 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. 

Жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес АӘК алушы отбасылардың 99%-ында кемінде бір баласы болады. Көмек алушы отбасылар арасында көп балалы отбасылар саны 40,4% (44 966 көп балалы отбасы) құрайды. Бұл былтырдың көрсеткішінен 2,5%-ға жоғары (37,9%), – деп атап өтті департамент директоры.

Сонымен қатар 2021 жылдың қорытындысы бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардан шыққан 259,4 мың бала тұрмыстық химия және азық-түлік жиынтығы түрінде әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілгенін, осы жылдың 4 айында 144,6 бала қамтамасыз етілген.

Өзгелердің жаңалығы