Ақжолдықтар қайырымдылық акциясын өткізді

9 Қыркүйек 2020, 12:41
1437
Бөлісу:
 Ақжолдықтар қайырымдылық акциясын өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қыркүйек күні «Ақ жол» ҚДП-ның Батыс Қазақстан облысындағы филиалы қайырымдылық акциясын өткізді.

Іс-шараның модераторы «Ақ жол» ҚДП Батыс Қазақстан облысы бөлімі төрағасының орынбасары Рада Хайрушева болды. 

c0e416a9-5131-4f27-b988-6fe0c5a0d212.jpg

Қалалық мәслихаттың депутаты, «Ақ жол» партиясының облыстық кеңесінің мүшесі Валерий Власов балаларды мерекемен құттықтады, сондай-ақ балалар үйі түлектерінің сұрақтарына жауап берді. 

WhatsApp Image 2020-09-09 at 11.16.26.jpeg

Өз кезегінде ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қанат Қырықбаев сөз сөйлеп, «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі үшін қиын кезеңдерде «Ақ Жол» партиясы тұрақты көмек пен қолдау көрсеткенін атап өтті. 

Сонымен қатар, «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетов те шетте қалмай, балалар үйінің түлектерінің бүгінгі мәселелері, проблемалары туралы толығырақ айтып берді, атап айтқанда, жатақхана орналасқан жерде қалалық маршруттардың болмауы, бұл балалар мен олардың ата-аналары үшін қосымша қиындықтар туғызады. 

Мәселелерді талқылап, оларды шешу бойынша шаралар қабылдағаннан кейін партия активі барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 

WhatsApp Image 2020-09-09 at 11.16.27 (1).jpeg WhatsApp Image 2020-09-09 at 11.16.27.jpeg

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде тұратын балаларға мектеп керек-жарақтары бар рюкзактар табысталды. 

«Ақ жол» ҚДП Батыс Қазақстан облысы филиалының осы бағыттағы қызметі өз жалғасын табатын болады.

Өзгелердің жаңалығы