Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда есірткі тасымалдады деген күдікпен сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін. Бұл туралы оның қорғаушысы айтты, деп хабарлады BaigeNews.kz.
Адвокаттың айтуынша, ол үшін қазақстандық қыздың атынан келісім хаты керек.
Белгіленген келісімнің 4-бабына сәйкес, оны табыстау үшін сотталған адам тарапынан келісім хаты жазылуы тиіс. Қазір қорғаушылар Ақжарқын Тұрлыбайдың елге оралу мүмкіндігі бар екенін жоққа шығармайды. Ол үшін Ақжарқынның келісімі қажет. Оның қашан нақты Қазақстанға экстрадицияланатыны жөнінде айта алмаймыз, дегенмен біз оның тез арада Қазақстанға оралуына мүдделіміз, - дейді адвокат.Еске сала кетейік Алматыдан келген студент Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында 2014 жылдың 19 наурызда ұсталған еді. Қыздың сөмкесінен 4,5 кг амфетамин табылған болатын. Ақжарқынның өзі және туыстарының айтуынша ол халықаралық есірткі тобының құрбанына айналды. 2015 жылдың маусым айында оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, кейін 2016 жылы аппеляциялық сот бұл үкімнің күшін жойды.