Ақтауда жұмысшылардың 142 млн теңге жалақысы өндіріліп алынды

22 Тамыз 2020, 23:15
1382
Бөлісу:
Ақтауда жұмысшылардың 142 млн теңге жалақысы өндіріліп алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Бас Прокуратураның ресми сайты хабарлады.

Прокурорлық қадағалау актілерімен «АБТМ» ЖШС және «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК 409 жұмысшысының бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 142 092 388 теңге көлеміндегі жалақы бойынша берешектері толықтай өндірілді, - делінген ақпаратта. 
Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87-бабына сәйкес жауаптылыққа тартылды. 

Еңбек заңнамасы талаптарының бұзылу деректері бойынша Ақтау қаласы прокуратурасының сенім телефоны арқылы хабарласуға болады.




Өзгелердің жаңалығы