Ақтаудағы балалар ойын алаңдары жаңа жабдықпен толықты

26 Тамыз 2020, 13:38
1938
Бөлісу:
Ақтаудағы балалар ойын алаңдары жаңа жабдықпен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ерғали Ескендіров мәлім етті.

Оның айтуынша, тұрғындардан жыл басынан бері қала әкімінің атына ойын алаңдарын жөндеу бойынша 21 өтініш келіп түскен.
Тұрғындардың шағымының негізінде бүгінге дейін 12 мекен-жай бойынша балалар ойын алаңдарына жаңа әткеншек, сырғанақ және тепе-теңдік құралдары орнатылды. Алаңдар, 1 шағынаудан 8, 26 үй, 4 шағынаудан 7, 51,57,68 үйлер, 5 шағынаудан 35, 39 үй, 8 шағынаудан 15 үй, 22 шағынаудан 17 үй, 28 А шағынаудан 6 үй, 29 шағынаудан 31 үйлер алдында орналасқан, - деді ол.
Бұдан бөлек, басқа шағынаудандағы балалар ойын алаңдарын жөндеу және сырлау жұмыстары жалғасады.
Өзгелердің жаңалығы