Ақтауда көкөніс сатуға арналған сауда орындары қарашаға дейін жұмыс істейді

23 Қыркүйек 2020, 13:55
1482
Бөлісу:
Ақтауда көкөніс сатуға арналған сауда орындары қарашаға дейін жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы жеміс-жидек пен көкөніс, бақша өнімдерін делдалсыз тікелей сатуға арналған 222 маусымдық сауда орындары берілді. Бұл туралы Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрсейт Айладыр мәлім етті.


Жоба мақсаты - жергілікті өнім өндірушілерге қолдау көрсетіп, тұрғындарға қолжетімді бағада алуға жағдай жасау.
Өткен жылы Ақтау қаласы аумағынан көкөніс және бақша өнімдерін сатуға 148 орын бекітілді. Бүгінде 67 орынға кәсіпкерлерден ұсыныс түсті. Ақтау қаласынан 7 шаруа қожалығы, Маңғыстау ауданынан 2 шаруа қожалығы, Қарақия ауданынан 5 шаруа қожалығына берілді, - деді Нұрсейт Айладыр.

Бұған дейін қала, аудан шаруаларымен жобаны түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды. Жиын барысында кәсіпкерлерге жобаның мақсаты туралы түсіндірді. Тұрғындар ұсыныстарын ортаға салып, өз талап-тілектерін жеткізді.



Өзгелердің жаңалығы