Ақтауда 4 мың дана маска тегін таратылады

16 Шілде 2020, 12:03
1208
Бөлісу:
Ақтауда 4 мың дана маска тегін таратылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының көшелерінде және теңіз жағалауында Жастар ресурстық орталығы мамандарының көмегімен тұрғындарға масканы тегін таратып жатыр. 

Бұл шара елімізде белең алған індеттің қарқынын басу үшін облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.

4000 дана маска қала тұрғындарына тегін таратылады. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында – 2600 дана, Мұнайлы ауданында – 1000 дана маска тұрғындарға үлестірілді. Бұл шара алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізіледі.

Індеттің таралуын төмендету үшін әрбіріміз азаматтық жауапкершілік танытуымыз қажет. Сақтық шараларын күшейтіп, маска режимін және санитарлық тазалықты қатаң сақтағанда ғана нәтиже болатындығын естен шығармауымыз тиіс, - делінген хабарламада.

Орталықтың хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірлігінен гуманитарлық көмек ретінде келген маскалар да қалалар мен аудандарда халыққа тегін таратылады.

Өзгелердің жаңалығы