Ақтөбенің мерейтойына орай тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетіледі

31 Шілде 2019, 16:59
1374
Бөлісу:
Ақтөбенің мерейтойына орай тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды жоғары технологиялық аппараттармен талдама жүргізетін медициналық орталықтарда тегін ем алуға шақырады. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

«Қаламыздың мерейтойына орай денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық мекемелерде «Сенбіні денсаулығыңа арна» шарасын өткізіп отырмыз. Акция әр сенбі сайын емдеу орталықтарында өткізіледі. Негізгі мақсат – медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Келесі қабылдау 3 тамыз күні облыстық перинатальдық орталығына қарасты Кеңес беру диагностикалық бөлімшесінде жүргізіледі. Емделуші учаскелік дәрігердің жолдамасын алуға тиіс. Қабылдау 9:00 мен 14:00 аралығында өтеді. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Өзгелердің жаңалығы