Алматы, BAQ.KZ. Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының отыз шақты ұшқыштары қысқы жағдайда автономды түрде тірі қалу курсынан өтті. Бұл туралы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқыту сабақтарын Әуе қорғанысы күштері Әскери институты бастығының (жауынгерлік даярлық жөніндегі) орынбасары полковник Аскар Избасов басқарды.
Ұшқыштар үшін тірі қалу тәжірибесі – қажетті жағдай. Экипаж командирі және команда әуе кемесін апаттық түрде немесе қажет болған жағдайда тастап кету кезінде таныс емес жергілікті жерде бағдарлай білу, қолда бар құралдардан уақытша қорғанатын пана жасай білу, от, тамақ таба білу, суды жылыту және жарақаттанған экипаж мүшелеріне алғашқы көмек көрсете білуі қажет.
Борис Полевой тірі қалудың таңқаларлықтай үлгісін «Повесть о настоящем человеке» кітабында бейнелеген. Басты кейіпкердің прототипі аңыз ұшқыш-жойғыш, Кеңес Одағының Батыры Алексей Маресьев барлық ұшқыштар үшін батырлық пен төзімділіктің үлгісі болып табылады. Ұлы Отан соғысы кезінде ол жауынгерлік тапсырма орындау барысында атып түсірілген Як-1 жау аумағынан алып шыққан, және орманда мәжбүрлі түрде қону кезінде 30 метрлік биіктіктен құлаған. Алексей Маресьев екі аяғының сынығымен 18 күн бойы жақын маңдағы елді мекенге күн бойынша бағдарлап, қолда бар азықпен қорықтеніп жеткен. Аңыз ұшқыштың өмірін күш-жігері мен әрбір жас ұшқыш меңгерген тірі қалу әдістері көмектесті, -дейді полковник А. Избасов.
Сабақ жетекшісінің айтуы бойынша, әуе кемесінің ақауын байқағанда ең бастысы – дүрлікпеу қажет. Экипаж әуеде болғанда апатқа ұшырағаны, коорднаттары, курсы, биіктігі және жылдамдығы туралы сигнал береді. Осы мәліметтер бойынша әуе кемесінің құлайтын болжамды орнын анықтайды, бұл іздестіру-құтқару командасының тапсырмасын жеңілдетеді. Ұшақты (тікұшақты) тастап кетерде экипаж мүшелері бір-біріне көзбен шолу арқылы үнемі бақылау жүргізеді. Жерге түскеннен кейін бірге жиналып, түтінді бағдарға алып апат орнына барады. Әуе кемесінің жанында міндеттерін бөледі, жерді шолып шығады.
Ұшқыштың автономдық жағдайда тірі қалуына көмектесетін барлық қоластындағы құрылғылар таситын апаттық қорда (ТАҚ) бар. Оған кесетін құрал, алғашқы көмек қобдиша, тамақтанудың жеке рационы, сонымен қатар компас, сіріңке, тұщыландыратын дәрілер және т.б. кіреді. Таситын апаттық қор бірнеше тәулікке жетеді.
Тірі қалу бойынша сабақтарда нұсқаушылар жас ұшқыштарды тәжірибе жүзінде ыдыссыз суды қалай қайнату керектігін, оны дәрінің көмегімен тұщыландыру, қардан, мұздан және парашюттік куполдан жеке қорғану панасын құрастыруды үйретті, жабайы аңдарды аулауға арналған құрылғылар үшін тұзақ өруді, алғашқы көмек көрсету және сыну, сіңірдің созылу және басқа да жарақаттар кезінде тасымалдауды көрсетті.
Батыс өңірінің климаттық жағдайларын ескере отырып, ең маңызды дағдысы болып жергілікті мекенді бағдарлай білу табылады. Осы тақырыпта дәрісті ӘҚК Әскери институты авиациялық оқу-жаттығу орталығы авиациялық эскадрилья авиациялық буынның (тікұшақтарда) аға ұшқышы - нұсқаушысы – штурманы майор Талғат Кульжанов оқыды. Ол Ақтөбе облысының ерекше табиғи құбылыстары туралы, желдің бағыттары мен температураның күрт өзгеруі туралы, әуе массасы бағыттарының өзгеруі туралы айтып берді. Табиғи құбылыстар, халықтық ырымдар немесе аспан жарығы бойынша жер бетінің бөліктерін қалай анықтау керектігін.
Сабақтың соңында майор Талғат Құлжанов үйренушілерге қарапайым инеден компас жасау лайфхак көрсетті.
Барлық сабақтар эскадрильялар арасындағы жарыс түрінде өтті. Бағалау барысында меңгеру тереңдігі мен тәжірибелік тапсырмаларды орындау сапасы ескерілді. Ең қызықтысы жарақаттанған адамды тасымалдау, оған алғашқы медициналық көмек көрсету және қолда бар құралдардан зембіл жасау, қардан және парашюттік куполдан қысқы пананың құрылысы болды.