Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тоғыз жасар Муса Туркумбаев кеудені жерден қозғалыссыз көтеріп тұрудан әлем рекордын жаңартты. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
Оқи отырыңыз:
Қалада алып күш иелерінің фестивалі өтті. Оған еліміздің әр түкпірінен мықтылар жиналып, күштерін сынады. Бұл жолы 9 жастағы Муса Туркумбаев тағы да ерекшеленді. Ол кеудесін жерден 1 сағат 13 минут 2 секунд қозғалыссыз көтеріп тұрды.
«Муса өткен жылы фестиваль кезінде кеудені жерден 1013 көтеріп, Қазақстан рекорд жаңартқан болатын. Бұл жолы ол әлем рекордын жаңартты. 2016 жылы 9 жаста болған Амир Махмет Астана қаласында кеудені жерден қозғалыссыз көтеріп тұрудан 1 сағат 2 секунд шыдаған болатын. Ал біздің Муса Ақтөбенің дәулеті мен бағалы әшекейі. Ол Нұр-Сұлтан қаласының кішкентай тұрғынынан 13 минут асып түсті», - деді қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.