Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнінің 75 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облысының полиция департаменті қызметкерлері марапатталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 12 полиция қызметкері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың медальдарымен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.Облыс ПД-нің басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиев ерекше көзге түскен патрульдік полиция қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларына грамоталар мен медальдарды салтанатты түрде табыстады. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен учаскелік инспектор Нұржан Вактов марапатталды. ҚР ІІМ алғыс хатымен полицей-коваллерист Қуанышбек Файзулла және ҚР ІІМ грамотасымен полицияның учаскелік инспекторы Бахтияр Жақыпов марапатталды.
Сонымен қатар, полиция лейтенанты алғашқы офицерлік погондары Ақтөбе қаласы ПБ-ның патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Рамазан Маханов пен Нұрболат Сағыновқа тапсырылды. Үш патрульдік полиция қызметкеріне алғыс жарияланды.
Сіздер күн сайын қауіпті инфекцияның алдын алу бойынша алдыңғы қатарлы орында тұрсыздар, күні-түні қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, қызметте тұрсыздар. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында біз қаланың және облыстың көшелерінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтаймыз, – деді облыс ПД-нің басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.Салтанатты іс-шарадан кейін полиция қызметкерлері мереке күніне қарамастан, қаладағы қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және карантин режимін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға аттанды.