Ақтөбеде ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі

25 Қаңтар 2019, 15:24
2804
Бөлісу:
Ақтөбеде ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде «Киелі жерлер географиясына» енген жобаларды қалпына келтіру, зерттеу жұмыстары жалғасады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Тарихи жердерді қалпына келтіру жұмыстары Ақтөбеде биыл жалғасады. Жоспар бойынша Абат Байтақ қорымындағы «Қыз әулие» күмбезі консервацияланады. Сонымен қатар, Ойыл ауданындағы Керуен сарайының сауда орындарын қалпына келтіру, Хан моласы қорымын қоршау жүргізіледі. Әрі Ырғыз ауданындағы Жаманшың метеориттік кратерін зерттеу басталады.

Мемлекет қорғауына алу жұмыстары қатар жүріп, ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылады. Ақтөбеде қуғын-сүргін, ашаршылық кезінде қаза болғандардың ұрпақтарына «Түйетөбе» халықаралық форумы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы