Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап үй карантинін бұзғаны үшін 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 15 адам қамауға алынды, 9 азаматқа айыппұл салынды, 9 ескерту жасалды, сондай-ақ 12 материал өндірісте.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы үй карантиніндегі тұлғалардың карантин режимін бұзу саны да артты. Мұндай фактілер қатаң түрде жолы кесіледі, өйткені көптеген адамдардың денсаулығы карантин режимін сақтауға байланысты. СЭС, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және полиция карантинге жабылған үйлердін тұрғындарымен түсіндіру іс-шараларын жүргізуде.
Үй карантиніндегі тұлғаларды тексеру барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының тұрғыны үй карантиніне орналастырылған тұрғынның тұрғылықты жері бойынша болмағанын анықтады. Үй карантинін бұзғаны үшін 32 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сот 10 АЕК-ке әкімшілік айыппұл салды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті карантинді сақтау талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, - делінген хабарламада.Егер адамның басқа адамға жұқтыру көзі болғаны анықталса, онда қолданыстағы заңнамада бұл үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.