Ақтөбеде тағы бір алтын адам табылды

25 Қазан 2019, 23:17
5740
Бөлісу:
Ақтөбеде тағы бір алтын адам табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Facebook-тегі жеке парақшасында жазды. 

"Темір ауданынан сүйінші хабар жетті! Өздеріңізге белгілі "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында және Елбасымыздың тапсырмасына орай тарихи-мәдени жәдігерлерді зерттеуді қолға алған болатынбыз.
Қазба жұмыстарына тиісті шаралар алынып, қаржылай қолдау көрсетілді. Бүгін археологтардан ақжолтай хабар келді. Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды", - деп Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин сүйінші сұрады.
Оның айтуынша, кезекті "Алтын киімді көне ескерткіш" - Ақтөбе өңірінің ғана емес, бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық.
"Кешегі Есік қаласынан, Шығыс пен Атыраудан табылған көне ескерткіштердің жалғасы бүгін Ақтөбе жерінен де көрініс берді. Бұл дегеніміз сол заманда қазақ жерін мекендеген бабаларымыз өркениеттің жоғары сатысында өмір сүргендігін көрсетеді. Бұл қойнауы құтты, тарихы тереңде жатқан Ақтөбе өңірінен табылған құндылықтардың бастамасы ғана деп білемін. Мұндай тарихи жәдігерлер әлі де көптеп табылып, дүниежүзінің алдында Қазақ елінің мәртебесін көтереді деп сенемін", - деп түйіндеді Оңдасын Оразалин.

Өзгелердің жаңалығы