Ақтөбеде соңғы 15 жылда ажырасқан жұптар саны 11% азайды

10 Қыркүйек 2019, 21:39
1974
Бөлісу:
Ақтөбеде соңғы 15 жылда ажырасқан жұптар саны 11% азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестік аясында әлеуметтік мәселелер шешіліп жатыр. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Елеусіз Нұрғалиевтың мәліметінше, қазіргі кезде әділет департаментінде 497 – коммерциялық емес ұйым тіркелген.

«Түрлі бағытта жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты топтары қалыптасқан. Оның ішінде, балаларды, жастарды, әйелдерді қолдау, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті дамыту, адам құқықтарын қорғау, білім беру, отансүйгіштікті, рухани-мәдени мұраны, салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау саласы бағытында жұмыс жасайтын ұйымдар белсенді қызмет етуде», - деді Елеусіз Нұрғалиев.

Бөлім басшысының айтуынша, осындай әріптестіктің арқасында «Отбасылық Академия» жобасы жүзеге асып, Ақтөбеде соңғы 15 жылда ажырасқан жұптар саны 11% азайды.

Өзгелердің жаңалығы