Ақтөбеде коронавирус жұқтырған 7 адам анықталды

4 Мамыр 2020, 10:13
1095
Бөлісу:
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған 7 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам туралы хабарлады. 

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы Ақтөбе қаласының 7 тұрғынының — 2019 жылғы, 2017 жылғы, 2011 жылғы, 1976 жылғы ер адамдардың және 1979 жылғы, 1940 жылғы, 1994 жылғы әйел адамдардың COVID-19 вирусын жұқтырғанын көрсетті.

Олардың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырғандармен қарым-қатынас жасағандықтан, медициналық бақылауға алынған болатын. Зертханалық зерттеу нәтижесі COVID-19 диагнозын анықтады. 

Қазіргі таңда ауруы анықталған адамдар облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем шаралары жасалып жатыр.     

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

 04.05.2020 жылғы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 160 адам тіркелген.


Өзгелердің жаңалығы