Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға арнап үй салынуда

24 Шілде 2020, 00:15
1218
Бөлісу:
Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға арнап үй салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында көпбалалы отбасыларға нақты көмек көрсетілуде, деп хабарлайды "Хабар 24".

Тек Мұғалжар ауданының орталығында осы санаттағы отбасыларға арналған екі қабатты үш үй тұрғызылып жатыр. Ондағы 24 пәтер келер айда беріледі.

Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Су, газ желілері де тартылып, айналасын абаттандыру қолға алынған. Бұл көпбалалы отбасылар үшін Қандыағаш қаласында салынған алғашқы баспана емес.

Жыл басынан бері дәл осындай үш және 90 пәтерлі бір үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған мұқтаж жандар қамтылды. Бүгінгі күні ауданда 1 300-ден астам көпбалалы отбасы тұрады. Оның 30-ға жуығы соңғы бір жылда баспаналы болған. 
Әр пәтер екі бөлмелі. Әрқайсысының жалпы ауданы 72 шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезекте тұрған мұқтаж адамдарға, көпбалалы отбасыларға арналған. Қазіргі таңда бізде жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. 5 қабатты 60 пәтерлі үй құрылысына. Экспертиза өткеннен кейін жоба дайын болған соң қаражат бөлінсе, келесі жылы бастауды жоспарлап отырмыз, – дейді Мұғалжар аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Асан Садықов.
.

Өзгелердің жаңалығы