Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу профессорлары ақтөбелік студенттерге тал санау мен мәліметті электронды базаға енгізуді үйретеді, деп хабарлады Aktobenews.kz.
Қала басшысы Мавр Абдуллиннің төрағалығымен Ақтөбе қаласының бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыратын тұжырымдамасы ашық талқыланды. Жиын барысында қаланың көгалдандыру жұмыстарына мән беру керектігі айтылды.
Келесі көктемде бейберекетсіз тал егілмейді. Енді тек суландыру жүйесі бар жерге ғана тал отырғызылады. Сол үшін алдымен жасыл көшеттерді электронды базаға енгізіп, карта әзірлеу керек. Мәскеуден арнайы профессорларды шақыртып жатырмыз. Ертең олар Қ.Жұбанов атындағы университет пен ауыл шаруашылығы колледжінің студенттеріне шеберлік сабақтарын өткізеді. Мыңдаған тал егеміз деп уәде бермейміз. Жоба бекітілсе, сол кезде нақты жоспармен бөлісуге болады, - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.