IT-технология көмегімен жұмыс табу жеңілдеді

1 Қазан 2019, 13:28
2371
Бөлісу:
IT-технология көмегімен жұмыс табу жеңілдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаменті Telegram мессенджерінде Qyzmet.info жобасын жасап шығарды.

Үміткерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет саласына жаңа технологияларды енгізу бұнымен шектелген жоқ. Мемлекеттік қызметте сирек кездесетін білімді талап ететін лауазымдарды іздеуге қатысты сұрақтарымен азаматтардың жиі жүгінетіндігін ескере отырып, Департамент «Мемлекеттік қызмет картасы» - Qyzmet.info веб-сайтын әзірледі.

Бүгінгі күнге дейін мамандарға барлық сәйкес келетін мемлекеттік органдардың біліктілік талаптар жинағынның қағаз нұсқасын қолмен зерделеу қажет болатын.

Веб-сайтты әзірлеудің арқасында аталған үрдістердің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілді.  

«Ендігі кезекте пайдаланушылар сайтта өздерінің мамандықтарын көрсете отырып, қай мемлекеттік органдарда тиісті лауазымдардың бар екенін біле алады. Сондай-ақ, әңгімелесуге арналған үлгілік сұрақтармен танысып, қаладағы барлық мемлекеттік органдардың орналасқан жері туралы толық ақпарат ала алады», - деді Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а Бауыржан Оразов.

Осылайша, бұл жобалар мемлекеттік қызметке іріктеу үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз етудегі тиімді құрал болып табылады.



Өзгелердің жаңалығы