Ақтөбеде 3 жасар бүлдіршін балабақша терезесінен құлап кетті

26 Шілде 2019, 20:20
1951
Бөлісу:
Ақтөбеде 3 жасар бүлдіршін балабақша терезесінен құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін балабақша терезесінен құлап кетті. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Оқиға Ақтөбе қаласындағы жеке балабақшалардың бірінде болған. Балаларды түскі ұйқыға жатқызатын уақытта үш жасар бала жатын бөлменің терезесінен құлаған. Балабақша тәрбиешісі қызметінен кетті.

«Жатын бөлмесінің терезелері жоғары қарай жартылай ашық тұрған, шамасы бала терезенің алдына шығып, ашып, құлап кеткен. Оқиғадан кейін тәрбиеші арыз жазып, жұмыстан кетті, түсініктеме жазып, акт толтырдық. Терезелерге темір торлар өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша қойылмаған еді. Қазіргі уақытта барлық терезеге кілт қойылды», - дейді «Нұрзерек» балабақшасының меңгерушісі Айнагүл Жұмағұлова.

Миы шайқалып, аяғы сынған бүлдіршін егіздің сыңары. Дәрігерлер кішкентай Захардың жағдайы орташа деп отыр.

«Бүлдіршін бас ми жарақатымен түсті. Жағдайы тұрақты, ем алып жатыр. Аяқ сүйегі сынған. Бақылауда болады», - дейді балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы