Ақтөбеде 1756 пәтер пайдалануға беріледі

3 Наурыз 2020, 22:40
1110
Бөлісу:
Ақтөбеде 1756 пәтер пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Ақтөбеде 1756 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 404 пәтерге артық. 

Бұл туралы бүгін қала әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев мәлімдеді.

Өткен жылы жасалған жұмыстар есебі айтылып, 2020 жылы салынатын баспаналардың жоспары баяндалды. Мәселен, "Нұр-Ақтөбе" тұрғындар алабының №4 шағын ауданында 9 қабатты үйдің құрылысы аяқталып, нәтижиесінде 940 пәтер беріледі. Одан бөлек, осы аудандағы 9 қабатты №23 үйге толығымен қаражаты бөлінді. Құрылыс биыл аяқталса, жалпы ауданы 10,6 мың шаршы метрді құрайтын 159 пәтер дайын болады.

Бұдан бөлек, "Нұр-Ақтөбе" тұрғын алабының аумағынан 9 қабатты 3 секциялы №27 үй құрылысы басталады. Нәтижиесінде 135 пәтерді әзір ету жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 2019 жылы құрылысы аяқталмаған 11 аз қабатты тұрғын үйге толығымен қаражат бөлініп, биыл 657 пәтер пайдалануға беріледі.


Өзгелердің жаңалығы