Ақтөбе облысында 35 мектеп директорының орны бос тұр

17 Наурыз 2020, 05:26
2593
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 35 мектеп директорының орны бос тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдегі кейбір білім ордаларында әлі басшы жоқ, деп хабарлады Aktobenews.

Қазіргі таңда білім басқармасы мен білім бөлімдері бұл бағытта кадрлар  резервтерін жасақтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірше 21 директордың орнына үміткерлер конкурс кезеңдерінен өтіп жатыр.

Аталмыш мәселе ұзақ уақыттан бері көтеріліп келе жатыр. Әйтеке би ауданының Талды, Жарөткел негізгі мектептерінде ек-үш жылдан бері директор жоқ. Бұл білімнің саласына әрі сапасына әсер ететін негізгі фактор. Одан бөлек білім ордаларында 120 кадрлық маманның орны бос тұр, – дейді Ақтөбе облысының білім саласындағы сапаны қамтамсыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Өзгелердің жаңалығы