Ақтөбе облысында 3 күннен бері 17 жастағы жігіт іздестірілуде

26 Қараша 2019, 14:38
4607
Бөлісу:
Ақтөбе облысында  3 күннен бері 17 жастағы жігіт іздестірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында үшінші тәулік бойы Темір ауданының 17 жастағы тұрғыны іздестірілуде.


25 қарашада сағат түскі 12:00-де Темір аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бірлік ауылының тұрғыны хабарласып, кәмелет жасқа толмаған ұлы Сулейман Нұркенұлы Есеналиевтің 24 қараша күні сағат кешкі 18:00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы арызданған, - делінген хабарламада.

,fkf.jpg

Хабар-ошарсыз жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде.

Жоғалған адамды іздестіруге 22 полиция қызметкері, 12 ауыл әкімшілігінің қызметкері, 30-дан астам жергілікті тұрғын және 10 жергілікті
мектептің мұғалімі тартылды.

Қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, мына нөмірлерге хабарласуыңызды сұрайды: 8771 786 66 66, 8776 546 66 66 немесе 102.

Өзгелердің жаңалығы